«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюы камераға түсті.
«Асқар таулар, қалың ормандар және жабайы табиғаттың қиын қолжетімді түкпірлері… Көлсай тағы да таңғажайып кадрлар сыйлады. Аумақты тексеру барысында мамандар Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюын (Ursus arctos isabellinus) түсіріп алды», — деп хабарлады ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.
Мамандардың айтуынша, бұл қуатты тау тұрғыны — Көлсайдың сирек жануарлар әлемінің өкілдерінің бірі.
«Оның табиғи мекенінде тіркелуі биоалуантүрлілікті мониторингтеу үшін құнды. Біз үшін бұл — таңғажайып кездесу. Ал аю үшін — туған тауларындағы қалыпты өмір», — деді комитетте.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Көлсай #қоңыр аю #Қызылкітап #жабайытабиғат #ЭТРМ #Қазақстан #жаңалықтар


