Пятница, 30 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтар💉 Медицина қызметкерлерінің жалақысын арттырудың жаңа тетігі: үстемеақы неге байланысты болады

💉 Медицина қызметкерлерінің жалақысын арттырудың жаңа тетігі: үстемеақы неге байланысты болады

 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында қандай медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру жоспарланып отырғанын және үстемеақы мөлшері неге байланысты болатынын айтты.

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап учаскелік қызмет мамандарына сараланған үстемеақы белгілеу ұсынылып отыр.

«Үстемеақы үздіксіз еңбек өтілі мен психоэмоционалдық жүктемеге байланысты төленеді. Осылайша, емхана жүйесінде жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысы үздіксіз еңбек өтілін ескергенде 40%-ға дейін артады. Бұл шара 77 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтиды. 2027–2029 жылдарға қосымша қажеттілік жылына шамамен 137 млрд теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет есебінен — 34 млрд теңге, МӘМС есебінен — 103 млрд теңге», — деді Ақмарал Әлназарова.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#медицина #жалақы #Әлназарова #МӘМС #Қазақстан #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments