Ұлттық банк «Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан «Nb (ниобий)» коллекциялық монетасын айналымға шығарды. Монеталарды бүгіннен бастап ҰБ интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.
Ниобий — сирек кездесетін металл, атом нөмірі 41. Ол металлургияда, электроникада, сондай-ақ аэроғарыш пен атом өнеркәсібінде қолданылады.
Монета сипаттамасы:
🔹 925 сынамалы күміс, үстіне ниобий орнатылған
🔹 Салмағы — 32,8 г (күміс — 31,1 г, ниобий — 1,7 г)
🔹 Диаметрі — 38,61 мм
🔹 Сапасы — proof
🔹 Номиналы — 1 000 теңге
🔹 Таралымы — 1 мың дана
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Ұлттықбанк #коллекциялықмонета #ниобий #нумизматика #Қазақстан #жаңалықтар



