Воскресенье, 10 мая, 2026
Басты бетЖаңалықтар💙 Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акции өтті

💙 Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акции өтті


Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Сарбазға прокурорлық кеңес» республикалық профилактикалық акции ұйымдастырылды.

🗣Іс-шарадаҚазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов мерзімді қызмет әскери қызметшилімен кездесу өткізді. Сарбаздар уздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қызмет өткеру барысындағы құқықтық мәселелер, заңдылықты сақтау және өз құқықтарын қорғау жөнінде жан-жақты түсіндірмелер алды.

– Ұлттық ұлан құрылған сәттен бастап қалыптасу мен жаңғырудың ауқымды жолынан өтті. Бүгінде бұл – кәсіби, ұтқыр әри заманауи құрылым. Қоғамдық қауіпсиздікті қамтамасыз ету және дағдарыстық жағдайлар кезеңдерінде сиздер әрдайым төзімділік, тәртіп және әскери антқа адалдық танытып келесиздер, – деп атап өтти Бас Прокурор.

⭐️Кездесу қорытындысы бойынша қоғамдық тәртіп пен қауіпсиздікти қамтамасыз етуге бахытталхан қызметтик-жауынгерлік миндеттерді орындаудалер мен әскери қызметшилер Бас Прокурордың алғыс хаттаримен марапатталды.

💫Іс-шара аясында қонақтар үшін көрнекі бағдарлама ұйымдастырылды. Саптық алаңда жауынгерлік дайындық элементтері көрсетіліп, Ұлттық ұланның Құрмет қарауыл ротасының саптық дефилесі ұсынылды.

⚙️Қатысушыларға қару-жарақ, әскери техника және жабдықтардың көрмесі таныстырылды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз этюде қолданылатын заманауи автокөліктер, бронды техника, ұшқышсыз ұшу аппараты және техникалық құралдар көрсетілді.

🔝Сонымиен қатар қонақтар құқықтық тәртіп әскерлерінің жауынгерлик қызметіне англізілген цифрлық шешімдермен танысты. Бейнеаналитика және жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау жүйелелері, тамақтану сапасын электрондық бағалау, психологиялық диагностика, сондай-ақ әскери қызметшілердің жақындарымен байланысуына арналған бейнетаксофондар қонақтар тарапынан жоғары бағаланды.

⏺️Іс-шара соңында қатысушылар сарбаз ботқасынан дәм татып, Бас прокуратура ардагерлерине Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің айырым белгісі саналатын күрең жолақты кеудешелер табысталды.

Бұл акция қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments