Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Елордамызда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы мен заманауи Astana Hub технопаркі жұмыс істейді. ІТ қызметтердің экспорты 1 миллиард доллардан асты. Екі суперкомпьютер іске қосылды. Оның игілігін отандық компаниялар мен ғалымдар көріп жатыр. Жақында аса қуатты тағы бір суперкомпьютер пайдалануға беріледі. Жаңадан салынып жатқан дата орталықтар кластері – деректерді өңдеу орталығының алқабы цифрлық экономиканың берік негізін қалайды. Біз Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыруды қолға алдық, жасанды интеллект технологиясы қоғамның барлық саласына енгізіледі. Мұның бәрі – цифрлық, басқаша айтқанда, халқымыздың игілігіне қызмет ететін өркендеген мемлекет құруға бағытталған қадам», — деді Президент.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#суперкомпьютер #ЖИ #AlemAI #AstanaHub #DigitalQazaqstan #Тоқаев #Қазақстан #жаңалықтар

