Вторник, 27 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтар💻 Қазақстанда тағы бір суперкомпьютер іске қосылады

💻 Қазақстанда тағы бір суперкомпьютер іске қосылады

 

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Елордамызда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы мен заманауи Astana Hub технопаркі жұмыс істейді. ІТ қызметтердің экспорты 1 миллиард доллардан асты. Екі суперкомпьютер іске қосылды. Оның игілігін отандық компаниялар мен ғалымдар көріп жатыр. Жақында аса қуатты тағы бір суперкомпьютер пайдалануға беріледі. Жаңадан салынып жатқан дата орталықтар кластері – деректерді өңдеу орталығының алқабы цифрлық экономиканың берік негізін қалайды. Біз Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыруды қолға алдық, жасанды интеллект технологиясы қоғамның барлық саласына енгізіледі. Мұның бәрі – цифрлық, басқаша айтқанда, халқымыздың игілігіне қызмет ететін өркендеген мемлекет құруға бағытталған қадам», — деді Президент.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#суперкомпьютер #ЖИ #AlemAI #AstanaHub #DigitalQazaqstan #Тоқаев #Қазақстан #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments