Понедельник, 19 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтар📆 Ипотекасын төлей алмай жүргендерге көмек алу мерзімі ұзартылды

📆 Ипотекасын төлей алмай жүргендерге көмек алу мерзімі ұзартылды

 

Қазақстанда ипотекалық несиесін қайта қаржыландырған әлеуметтік осал азаматтарға қосымша көмек алу үшін өтініш беру мерзімі 2027 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылды. Бұған дейін құжат қабылдау 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталуы керек еді. Қаржылай қолдау көрсету мерзімі 2027 жылғы 1 қыркүйекке дейін белгіленді.

Бағдарлама аясында банктер қарыз алушының жағдайын ескере отырып, ипотеканың негізгі қарызын азайтуы немесе төлем кестесін қайта қарауы мүмкін.

Өтінішті несие берген банкке, Қазақстанның тұрғын үй компаниясына немесе бағдарламаға қатысатын басқа ұйымға тапсыру қажет.

Бұдан бөлек, банк балансына өткен баспананы сатып алуға несие рәсімдеуге немесе оны кейін сатып алу шартымен жалға алуға 2027 жылғы 1 шілдеге дейін өтініш беруге болады. Егер азамат осы уақытқа дейін өтініш бермесе, ұйым тұрғын үйді сатуға құқылы.

Қосымша көмек алу үшін бірнеше талап қатар орындалуы керек:
🔹 қарыз алушы әлеуметтік осал санатқа жатуы немесе белгіленген тізімдегі аурулардың бірімен ауыруы тиіс
🔹 оның және жұбайының атында Қазақстанда басқа баспана болмауы керек
🔹 несие төлемінің кешігуі 180 күннен асуы тиіс
🔹 негізгі қарыз қалдығы 50 млн теңгеден көп болмауы керек
🔹 отбасының табысы несиені бұрынғы шарттармен өтеуге жетпеуі керек

Бұл талаптар 2021 жылғы 1 қаңтар мен 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында алынған ипотекаларға қатысты. Мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар бойынша берілген несиелерге, заңды тұлғалардың қарыздарына және сот алаяқтықпен байланысты деп таныған несиелерге бұл көмек көрсетілмейді.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#ипотека #көмек #қаржы #банк #Қазақстан #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments