Пятница, 2 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтар📍 Түркістан облысында $200 млн-дық тыңайтқыш зауыты салынады

📍 Түркістан облысында $200 млн-дық тыңайтқыш зауыты салынады

 

Түркістан облысының Сауран ауданындағы арнайы экономикалық аймақта тыңайтқыш өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Жобаның құны – $200 млн. Кәсіпорынды қазақстандық «Туранская химическая компания» Қытай инвесторларымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

Зауыт жылына 250 мың тонна синтетикалық аммиак және шамамен 300 мың тонна карбамид өндіреді. Кәсіпорынды 2028 жылы іске қосу жоспарланған. Жоба Қазақстанның ауыл шаруашылығына қажетті минералды тыңайтқыш тапшылығын азайтуға бағытталған.

Өндіріс ішкі нарықтағы сұранысты қамтығаннан кейін өнімнің бір бөлігі Қытай мен Орталық Азия елдеріне экспортталуы мүмкін.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments