Пятница, 13 ноября, 2026
Басты бетЖаңалықтар🔹Гент университеті мен ЮНФПА жүргізген зерттеулерге, сондай-ақ Арал маңы өңіріндегі жағдайға қатысты...

🔹Гент университеті мен ЮНФПА жүргізген зерттеулерге, сондай-ақ Арал маңы өңіріндегі жағдайға қатысты ғылыми бағалауларға сәйкес, температураның жоғарылауы мен қоршаған ортаның нашарлауы мерзімінен бұрын босану және түрлі асқынулар қаупін арттырады.

 

«Жүктілік кезіндегі аномальды ыстықтың ана денсаулығына, ұрықтың дамуына және ерте шақтағы балалардың денсаулығына әсерін енді болашақтың мәселесі ретінде қарастыруға болмайды. Біз бұл проблемамен бүгіннің өзінде бетпе-бет келіп отырмыз. Оның салдары күшейіп келеді және шұғыл шаралар қабылдауды талап етеді», – деді Ақмарал Әлназарова.

🍀Климаттық қауіптерді барынша азайту мақсатында Қазақстан профилактикалық бағдарламаларды, оның ішінде «Аналар саулығы» жобасын белсенді түрде дамытуда.

Сонымен қатар ДДҰ-мен әріптестікте 2026–2030 жылдарға арналған «Арал маңы өңіріндегі салауатты болашақ» жол картасын іске қосу мәселесі пысықталуда. Кейіннен климаттық медицина және денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық хаб құру көзделген.

🌐Сессияның  қорындысында Қазақстан тарапы халықаралық қауымдастықты климаттық қауіптерді ұлттық денсаулық сақтау жүйелеріне енгізуге, жергілікті ғылыми зерттеулер ауқымын кеңейтуге, ерте ескертуге арналған цифрлық құралдарды енгізуге, сондай-ақ экологиялық тұрақтылық пен ана денсаулығын сақтауға бағытталған инвестицияларды біріктіруге шақырды.

Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ДДҰ-мен және ЮНФПА-мен бірлесіп ұйымдастырды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments