📌Бүгінде Қазақстанда 6 миллионға жуық жас тұрады. Бұл ел халқының үштен біріне жуық бөлігін құрайды. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының дерегіне сәйкес, қазақстандық жастардың 80 пайыздан астамы ел болашағына сеніммен қарайды. 75 пайыздан астамы қазіргі өміріне, 77 пайызға жуығы алып жатқан немесе алған білімінің сапасына көңілі толатынын айтқан. Ал 60 пайыздан астамы білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні оқытуды маңызды деп санайды.
Жастардың білім алуына және кәсіби тұрғыдан дамуына жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Кейінгі бес жылда білім гранттарының саны 1,5 есе артып, 250-ден астам студенттік жатақхана пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде жатақханадағы орын тапшылығы алты есе азайды. Осы кезеңде 1,4 миллионға жуық жас жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. 190 мыңға жуық жас қазақстандық кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, 22 мыңнан астамы өз кәсібін ашуға мемлекеттік грант алды. Сондай-ақ 35 жасқа дейінгі азаматтарға арналған жеңілдетілген «Наурыз» және «Отау» тұрғын үй бағдарламалары бар.
2026 жылдың басынан бері 1,5 мыңнан астам оқушы мен студент республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, 1,2 мыңнан астамы жеңімпаз және жүлдегер атанды.
Еліміздің барлық өңірінде жас дизайнерлер, музыканттар, өнер, кино, медиа, IT және цифрлық сала өкілдері үшін креативті хабтар жұмыс істейді. Астанада Креативті индустрияларды дамыту қоры құрылды.
✔️Жас таланттарды қолдау мақсатында «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы, 18-35 жас аралығындағы авторларға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты қарастырылған.
Қоғамдық кеңестердегі жастар квотасының үлесі 2027 жылға қарай 20 пайызға жетуі тиіс. Президенттік жастар кадр резервіне өткен төрт іріктеуге 60 мыңға жуық үміткер қатысып, 500 адам резервке алынды. Олардың 418-і жауапты қызметтерге тағайындалды.
Бүгінде Қазақстанда 300 мыңнан астам жас волонтерлікпен айналысады.
🔹Более 80% казахстанской молодежи с оптимизмом смотрят в будущее страны
📌Сегодня в Казахстане проживает около 6 млн молодых людей – почти треть населения страны. По данным НИЦ «Молодежь», более 80% молодых казахстанцев с оптимизмом смотрят в будущее страны. Более 75% довольны своей нынешней жизнью, около 77% – качеством получаемого или полученного образования, более 60% считают важным изучение искусственного интеллекта в системе образования.
Одним из приоритетов государственной молодежной политики остается создание возможностей для образования и профессионального развития. За пять лет количество образовательных грантов выросло в 1,5 раза, введено более 250 студенческих общежитий, дефицит мест сократился в шесть раз. Мерами содействия занятости охвачено около 1,4 млн молодых людей.
Около 190 тыс. молодых казахстанцев прошли обучение основам предпринимательства, более 22 тыс. получили государственные гранты на открытие собственного дела. Для молодежи до 35 лет действуют льготные жилищные программы «Наурыз» и «Отау».
С начала 2026 года более 1,5 тыс. учащихся и студентов приняли участие в республиканских и международных конкурсах и фестивалях, более 1,2 тыс. стали победителями и призерами.
Во всех регионах страны работают креативные хабы, объединяющие молодых представителей дизайна, музыки, искусства, кино, медиа, IT- и digital-сферы. В Астане открыт Фонд развития креативных индустрий.
✔️Для поддержки молодых талантов проводятся Национальная литературная премия «Айбоз», Президентская литературная премия для авторов 18–35 лет, государственная молодежная премия «Дарын» и грант «Тәуелсіздік ұрпақтары».
Доля молодежной квоты в общественных советах должна достигнуть 20% к 2027 году. В четырех отборах в Президентский молодежный кадровый резерв приняли участие около 60 тыс. претендентов. Отобраны 500 человек, 418 из них назначены на ответственные должности.
Волонтерское движение сегодня объединяет более 300 тыс. молодых казахстанцев.
🚀Aitu | Instagram | TikTok


