🔹Мемлекет басшысына Қарағанды облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және өңірді одан әрі жаңғырту жоспары туралы ақпарат ұсынылды.
🔹Тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасы 2,9 пайызға артып, өнеркәсіп өндірісі 4,9 пайызға ұлғайды.
🔹Айтарлықтай қарқын машина жасау саласында байқалды, өсім – 26,2 пайыз.
🔹Өңірдің 2032 жылға дейінгі инвестициялық портфелі жалпы құны 7 триллион теңгені құрайтын 186 жобадан тұрады. Оны іске асыру 36 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
🔹Жаңа өндіріс орындарын құруға, шикізатты қайта өңдеуге, минерал-шикізат базасын нығайтуға, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторларды тартуға ерекше назар аударылып отыр.
🔹Бұдан бөлек, Президентке агроөнеркәсіп кешені мен тұрғын үй құрылысын ілгерілету, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жөнінде баяндалды.
🔹Соңғы үш жылда Қарағанды облысында ауылдарға арналған 92 денсаулық сақтау нысаны мен 13 мектеп салынып, білім беру мекемелерін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр.
🔹Спорт, мәдениет, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бағыттарындағы жобалар қолға алынды.
🔹«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендер абаттандырылып, жаңа қоғамдық кеңістіктер мен экосаябақтар бой көтеруде.
🔹Болжамға сәйкес, жыл қорытындысы бойынша облыс экономикасы 4 пайызға өседі.
🔹Өнеркәсіп әлеуетін кеңейту, инвестициялық жобаларды іске асыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру арқылы өңірді одан әрі өркендету жұмыстары жалғаса береді.
t.me/aqorda_resmi

