Среда, 4 ноября, 2026
Басты бетПослание президента🔹Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді

🔹Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді

 

 

🔹Мемлекет басшысына Қарағанды облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және өңірді одан әрі жаңғырту жоспары туралы ақпарат ұсынылды.

🔹Тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасы 2,9 пайызға артып, өнеркәсіп өндірісі 4,9 пайызға ұлғайды.

🔹Айтарлықтай қарқын машина жасау саласында байқалды, өсім – 26,2 пайыз.

🔹Өңірдің 2032 жылға дейінгі инвестициялық портфелі жалпы құны 7 триллион теңгені құрайтын 186 жобадан тұрады. Оны іске асыру 36 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

🔹Жаңа өндіріс орындарын құруға, шикізатты қайта өңдеуге, минерал-шикізат базасын нығайтуға, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторларды тартуға ерекше назар аударылып отыр.

 

🔹Бұдан бөлек, Президентке агроөнеркәсіп кешені мен тұрғын үй құрылысын ілгерілету, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жөнінде баяндалды.

🔹Соңғы үш жылда Қарағанды облысында ауылдарға арналған 92 денсаулық сақтау нысаны мен 13 мектеп салынып, білім беру мекемелерін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр.

🔹Спорт, мәдениет, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бағыттарындағы жобалар қолға алынды.

🔹«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендер абаттандырылып, жаңа қоғамдық кеңістіктер мен экосаябақтар бой көтеруде.

🔹Болжамға сәйкес, жыл қорытындысы бойынша облыс экономикасы 4 пайызға өседі.

🔹Өнеркәсіп әлеуетін кеңейту, инвестициялық жобаларды іске асыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру арқылы өңірді одан әрі өркендету жұмыстары жалғаса береді.

t.me/aqorda_resmi

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments