Қазақстанда 520 мыңға жуық таксиші және тағы 292,5 мың курьер бар. Барлығы бұл өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне қатысушылардың 83%-ы.
«2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша оны 981,2 мың жеке тұлға қолданды. Оның 866,9 мыңы, яғни 88%-ы интернет-платформалар арқылы қызмет көрсетеді, 114,2 мыңы, яғни 12%-ы өз бетінше жұмыс істейді. Сонымен қатар 807,3 мың жеке тұлға режимнің жаңа қатысушылары болып табылады. Интернет-платформалар арқылы қызмет көрсететін 866,9 мың адам үшін 16,1 млрд теңге әлеуметтік төлем аударылды», — делінген ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің депутаттық сауалға жауабында.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#такси #курьерлер #өзінөзіжұмыспенқамту #Жұманғарин #Қазақстан #жаңалықтар


