Понедельник, 9 ноября, 2026
Басты бетЖаңалықтар🚨 Алматы облысында жаңа әмбебап ауылдық құтқару және құқық тәртібі посты ашылды

🚨 Алматы облысында жаңа әмбебап ауылдық құтқару және құқық тәртібі посты ашылды

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов пен Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов Іле ауданының Нұрғиса Тілендиев ауылында жаңа ауылдық әмбебап құтқару бөлімшесін ашты.

Нысан бірнеше айда меценаттың қолдауымен салынды. Бір аумақта төтенше қызметтердің күштері мен құралдары біріктіріліп, халыққа жедел көмек көрсетуге мүмкіндік жасалды.

Бөлімшеде орналасқан:
🔹 ТЖМ-нің «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясындағы ерікті өртке қарсы құралымдар
🔹 жедел медициналық жәрдем бригадасы
🔹 учаскелік полиция пункті

Қызметтердің бірге орналасуы оқиғаларға ден қою уақытын қысқартып, тұрғындарға жедел көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Аумақта спортпен айналысуға арналған воркаут-аймақ та жабдықталған.

Жаңа бөлімше халқы 20 мыңға жуық тығыз орналасқан елді мекенде орналасқан. Оның мүмкіндіктері басқа ауылдық округтердің көршілес елді мекендеріне де есептелген.

Салтанатты ашылу барысында жобаны іске асыруға үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар мен грамоталар табысталды.

Әмбебап құтқару бөлімшелерін құру Алматы облысының басқа да елді мекендерінде жалғасады.

Подписывайтесь на нас: Atameken_press

#ТЖМ #Алматыоблысы #құтқарушылар #Әрінов #Мұханов #Қазақстан #новости

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments