Қазақстандықтарды Өзбекстанмен шекарада кепілдік төлем енгізілетіні туралы хабардар етті.
«Қазығұрт», «Б. Қонысбаев» және «Атамекен» өткізу бекеттерінде халықаралық тасымалдар үшін электрондық кезекті брондау кезінде кепілдік сомасын — 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) енгізу қажет болады.
🔹 Брондау үшін тасымалдаушының арнайы электрондық шотында қажетті сома болуы тиіс
🔹 Егер көлік құралы өткізу бекетіне белгіленген уақытта келсе, кепілдік сомасы тасымалдаушыға толық көлемде автоматты түрде қайтарылады
🔹 Егер тасымалдаушы 90 күнтізбелік күн ішінде қатарынан екі рет өткізу бекетіне белгіленген уақытта келмесе, кепілдік сомасы қайтарылмайды және мемлекеттік бюджетке өндіріледі
Жаңашылдық 2026 жылдың 9 қарашасында күшіне енеді.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Өзбекстан #шекара #кепілдіктөлем #тасымал #Қазақстан #жаңалықтар
