Среда, 28 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтар🛂 Өзбекстанмен шекарада кепілдік төлем енгізіледі

🛂 Өзбекстанмен шекарада кепілдік төлем енгізіледі

 

Қазақстандықтарды Өзбекстанмен шекарада кепілдік төлем енгізілетіні туралы хабардар етті.

«Қазығұрт», «Б. Қонысбаев» және «Атамекен» өткізу бекеттерінде халықаралық тасымалдар үшін электрондық кезекті брондау кезінде кепілдік сомасын — 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) енгізу қажет болады.

🔹 Брондау үшін тасымалдаушының арнайы электрондық шотында қажетті сома болуы тиіс
🔹 Егер көлік құралы өткізу бекетіне белгіленген уақытта келсе, кепілдік сомасы тасымалдаушыға толық көлемде автоматты түрде қайтарылады
🔹 Егер тасымалдаушы 90 күнтізбелік күн ішінде қатарынан екі рет өткізу бекетіне белгіленген уақытта келмесе, кепілдік сомасы қайтарылмайды және мемлекеттік бюджетке өндіріледі

Жаңашылдық 2026 жылдың 9 қарашасында күшіне енеді.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#Өзбекстан #шекара #кепілдіктөлем #тасымал #Қазақстан #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments