Саурық батыр ауылында балалар ойын алаңы мен воркаут аймағы пайдалануға берілді. Бұған дейін елді мекенде балаларға арналған арнайы ойын алаңы болмаған.
Жаңа нысан «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Рүстем Өтембаевтың 17 млн теңге жеке қаражаты есебінен салынды.
Енді ауыл балалары бос уақытын қауіпсіз әрі қолайлы жерде өткізіп, спортпен шұғылдана алады. Жаңа алаң ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты істің нәтижесі болды.



