📅 20 наурыз 2026 жыл
📍 Ұзынағаш ауылы
Жамбыл ауданында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза Қазақстан – ортақ міндет!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Шара барысында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, кейін санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында жастар, еріктілер, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктер өкілдері және аудан тұрғындары бар.
Кездесудің мақсаты – экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікті қалыптастыру және тұрғындарды абаттандыру жұмыстарына тарту.
Іс-шара барысында Ұзынағаш медициналық колледжінің директоры Ильдар Юлдабаев сөз сөйлеп, тазалық – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.
Кездесу соңында колледж аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.



