Елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде ересектер арасындағы күрестен әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды: бір күміс және төрт қола.
Жүлдегерлер:
🥈 Нұрқожа Қайпанов (74 кг-ға дейін, еркін күрес)
🥉 Исхар Курбаев (55 кг-ға дейін, грек-рим күресі)
🥉 Айдос Сұлтанғали (60 кг-ға дейін, грек-рим күресі)
🥉 Бағдат Сабаз (67 кг-ға дейін, грек-рим күресі)
🥉 Зейнеп Баянова (50 кг-ға дейін, әйелдер күресі)
Жарысқа 135 елден 900-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан командалық есепте 15-орынды иеленді.
Астана күрестен әлем чемпионатын екінші рет қабылдады. Алғашқы турнир 2019 жылы «Барыс Арена» кілемдерінде өткен болатын.
📸 ҚР МТС спортты дамыту дирекциясы
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#күрес #әлемчемпионаты #Астана #Қазақстан #медаль #спорт #жаңалықтар


