Четверг, 25 июля, 2024
Басты бетUncategorized17 жастағы қазақстандықтар автоматты түрде әскери есепке алынады

17 жастағы қазақстандықтар автоматты түрде әскери есепке алынады

2024 жылдың қаңтарынан бастап 17 жастағы ер-азаматтар автоматты түрде әскери есепке алынады, — деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап пилоттық жоба аясында 17 жастағы ер-азаматтарды әскери есепке алу автоматты түрде өтеді. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастамасын Премьер-министр, мүдделі мемлекеттік органдар, облыс, қала әкімдіктері қолдады. Оны жүзеге асыру мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн түрлендiру мен интеграциялаудың арқасында мүмкiн болды. Бұл елiміздің 16 жастан 60 жасқа дейiнгi ерлерді әскери есепке алумен толық қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi»,- делінген хабарламада.

Енді 17 жасқа толған ер-азаматтарды тіркеу жыл сайын жүргізіледі. Әскери қызметке жарамдылығын тексеру міндетті түрде жүзеге асырылады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments