Понедельник, 2 ноября, 2026
Басты бетЖаңалықтар2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚР ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНІМНІҢ ЭКСПОРТЫ 17,8%-ҒА ӨСТІ

2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚР ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНІМНІҢ ЭКСПОРТЫ 17,8%-ҒА ӨСТІ

 

💊 Қазақстанда фармацевтикалық өнім экспортының көлемі артып, саладағы инвестициялық ынтымақтастық кеңейіп келеді. Отандық фармацевтикалық өнімдердің басым бөлігі көршілес мемлекеттерге жеткізіледі.

Сонымен қатар экспорт географиясын одан әрі кеңейтуге, оның ішінде Ауғанстан нарығына шығуға әлеуеті бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов «Kazakhstan–Afghanistan: Partnership for Health 2026» атты алғашқы Қазақстан–Ауғанстан медициналық бизнес-форумында мәлімдеді.

Экспорт көрсеткіштерінің өсуімен қатар, салаға инвестиция тарту жұмыстары да жалғасуда. 2025 жылғы желтоқсаннан бері жалпы сомасы 391,3 млрд теңгені құрайтын сегіз инвестициялық келісім жасалды.

🤝 Келісімдер «Khan Tengri», «Химфарм», «Нобел», «Алтинфарм», «Ромфарм», «Абди Ибрагим Глобал Фарм», «Қарағанды фармацевтикалық кешені» және «Степпе» компанияларымен жасалған.

Инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту отандық фармацевтика саласын нығайтып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.

📌 Форум шеңберінде 28–29 қазанда Ауғанстан делегациясы Қазақстанның ірі отандық өндірушілерінің өндірістік алаңдарын аралап, кәсіпорындардың өндірістік қуатымен, технологияларымен және сапаны бақылау жүйесімен танысты.

Бүгінде Қазақстанда 209 өндіруші жұмыс істейді. Оның 43-і дәрілік заттар өндірісіне, қалғаны медициналық бұйымдар шығаруға маманданған.

⚜️ Денсаулық сақтау министрлігі отандық және шетелдік өндірушілермен тұрақты диалог жүргізіп, пациенттердің мүдделері мен фармацевтика саласының дамуы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге басымдық береді.

🌐 Ресми сайт   ⚜️ Instagram

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments