Суббота, 19 июля, 2025
Басты бетЖаңалықтар2025 жылы мал шаруашылығын субсидиялау жүйесі жаңаша форматта іске асырылады

2025 жылы мал шаруашылығын субсидиялау жүйесі жаңаша форматта іске асырылады

Ағымдағы жылы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділік пен өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына» маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Олжас Молдатаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, енді субсидия тек шығынды өтеу емес, саланы стратегиялық дамыту тетігіне айналады. Субсидиялар асыл тұқымды мал өсіруді дамытуға, генетикалық материалға қолжетімділікті арттыруға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге бағытталады.
Сондай-ақ, төл өсіру, жүн мен бал өндірісі, маусымдық бордақылау сынды жаңа бағыттар субсидиялауға енгізілді. Ал бұрын қолданыста болған селекциялық жұмыстарға арналған кейбір бағыттар алынып тасталды.
Субсидияны жоспарлау мен бөлу тәртібі де өзгерді.
Енді облыстық басқармалар өткен жылдардағы төленбеген субсидияларды ескеруі, игерілмеген қаражатты басқа бағыттарға қайта бөлуге рұқсат беріліп, өнімділік пен импортқа тәуелділік бойынша талдамалық есеп ұсынуы тиіс.
Тауар өндірушілерге қарсы міндеттемелер де енгізілді. Субсидия алушылар өнім көлемін сақтау немесе ұлғайтуға тиіс. Егер 2 жыл қатарынан талап орындалмаса, субсидия алу мүмкіндігі тоқтатылады.
Арнайы комиссиялардың жұмысы жаңартылды.
Енді мұндай комиссиялар әр ауданда жыл сайын құрылып, олар тауар өндірушінің инфрақұрылымы мен өндірістік қуатын тексереді. Қажет болған жағдайда — берілген қорытындыны қайта қарауға құқығы болады.
Бұл өзгерістер – жай ғана рәсімдік түзетулер емес, мал шаруашылығына берілетін қолдаудың жаңа моделі. Бұдан былай мемлекет шығынға емес, нәтижеге, қағаз жүзіндегі жоспарға емес, нақты өнім мен сапаға мән береді.
«Бұл өзгерістер – жай ғана рәсімдік түзетулер емес, мал шаруашылығына көрсетілетін қолдаудың жаңа моделі. Бұдан былай мемлекет шығынға емес, нәтижеге, қағаз жүзіндегі жоспарға емес, нақты өнім мен сапаға мән береді», – деді Олжас Молдатаев.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments