Ауылшаруашылық саласының негізгі механизаторы деп танылған тракторшы мамандығы аса жауапты әрі сұранысқа ие мамандық. Ол үшін көзбен шамалау, физикалық төзімділік, көру қабілеті жақсы, шыдамдылық, техникаға деген сүйіспеншілік, ұйымшылдық және ұқыптылық сияқты жеке қасиеттерді бойда сіңіре білу қажет.
Ауылымызда техниканы жетік меңгеріп, темірдей тәртіпті ұстанған тракторшылардың бірі – Аққайнар ауылының тұрғыны Исмаилов Назым Казімұлы елге еңбегі сіңген елеулі жан. Бейнеттің дәмін татып, ауылшаруашылық саласына зор еңбек сіңірген ағамыз бүгінгі таңда, шаруашылыққа бет бұрып, жеке трактормен әр түрлі жұмыстарды жасайды. Ісіне мығым, жұмысына адал ағамыздың жастарға берері мол болғай!
2025 — ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖЫЛЫ ТЕХНИКАНЫ ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН ТРАКТОРШЫ.
RELATED ARTICLES

