2024 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 32 жыл толады. Мемлекеттік рәміздер — белгілі бір халықтың өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша армандары мен мұратын білдіретін белгі. Олар — Ұлы Тәуелсіздігіміздің нышаны.
Осы мереке орай бүгін 28237 әскери бөлімінде салтанатты іс-шара өткізілді. Шара барысында Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіліп, Мемлекеттік Гимн шырқалды, Мемлекеттік ту көтерілді және соңынан бөлім жеке құрамы салтанатты маршпен жүріп өтті.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ — БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!