Понедельник, 2 июня, 2025
Басты бетЖаңалықтар31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Қай ұлттың болсын қаламгерлер қауымы тарих тегершігімен бірге айналған жылдардың жүлгесінде өз халқының бастан кешкен қайғылы-қасіретті оқиғалары жөнінде көбірек қалам сілтеп, оқырман назарын соның байыбына барынша қырағаттап аударуға ұмтылады. Біздің қазақ үшін ХХ ғасырдагы мұндай сұрапыл оқиғалардың арасында 1921-ші және 1931-1933 жылдар аралығындағы ел аумағын қамтыған алапат ашаршылықтың алатын орны айрықша. Рас, егеменді ел еңсесін көтергенше бұл тақырыпты тереңнен тарта зерттеп туынды жазып шығару аса қиынға түсті. Бірақ бүгінде зобалаң жылдардың зардабы туралы аз жазылып жатқан жоқ. Деректі әңгімелер арқылы ашаршылықтың ақиқаты ашылуда. Біз ойлы оқырманның назарына 2012 жылы «Жұлдыздар отбасы» журналының №11 санында жарияланған жүректі сыздататын естеліктерді ұсынып отырмыз. Осы оқиғаларды ел аузынан жинақтаған – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті жанындағы «32нің зұлматы» үйірмесі. Үйірмеге профессор Қамбар Атабаев жетекшілік етіп, жас зерттеушілермен бірге 1990-1991 жылдары ашаршылықтың тірі куәгерлерімен тілдескен екен. Осылайша Гүлнар Байсеркеева, Амангелді Әліпбаев, Самат Ахметов, Дархан Жақсыбеков пен Дина Иманбаева сынды ізденімпаз жастар ауыл қарияларының шерлі естеліктерін қағазға түсіріп, тарихтың көлеңкелі беттерін ашып берген болатын

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments