Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтар4 қазан - Халықаралық дәрігерлер күні

4 қазан — Халықаралық дәрігерлер күні

Қазақстанда халықаралық дәрігерлер күні қазан айының алғашқы дүйсенбісінде атап өтіледі.

Ресми түрде Дәрігерлер күні 1971 жылы бекітілген. Халықаралық дәрігерлер күнін тойлау туралы бастаманы алғаш рет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Шексіз дәрігерлер» деп аталатын халықаралық медициналық гуманитарлық ұйымының қолдауымен көтерген болатын.

Әлемнің әр елінде Денсаулық сақтау жүйесі және өзінің медициналық кадрлары бар. «Шексіз дәрігерлер» ұйымының 3 мыңға жуық өкілі жыл сайын 70-тен астам елде  ұлтына, азаматтығына, діни көзқарасына қарамастан, адамдарды төтенше жағдайларда, қауіпті аймақтарда құтқаруға бар күшін жұмсап, аянбай еңбек етіп келеді.

Денсаулық сақтау жүйесі жоқ артта қалған елдерде олар халық арасында алдын алу мен ағарту — ақпараттандырумен  айналысады.

Халықаралық дәрігерлер күні ең әуелі нақты осы дәрігерлерге арналған болатын, алайда оны кабинет пе далалық жағдайда мобильді бөлімшелерде жұмыс істейді ме, оған  қарамастан, барлық медициналық қауымдастық  атап өтетін болды. Бұл күн бүкіл әлемдегі дәрігерлердің ынтымақтастығы мен белсенді іс-қимыл күні деп есептеледі.

Халықаралық дәрігерлер күнінде  денсаулық сақшысы атаулы абзал жандарға алғыс айтқымыз келеді және дәрігерлерге ризалық білдірер науқастардың көп болуы мен асқан   сабырлық тілейміз!

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments