Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарБұлақ көрсең, көзін аш

Бұлақ көрсең, көзін аш

«Атамекен» газеті 8 наурыз – Халықаралық əйелдер күні мерекесіне орай 8-11 сынып
оқушылары арасында байқау жариялаған болатын. Оқушылар жіберген біршама өлеңдер газеттің өткен санында жарық көрді. Аталмыш байқауда жеңімпазды анықтау үшін арнайы əділқазы алқасы сайланып. әр баланың өлеңі жеке сарапталды. Марапаттау рəсімі atameken_gazeti-нің инстапарақшасында тікелей эфирде өткізілді.
Жиында алғаш сөз алған «Атамекен» газетінің директоры Мира Бақтыбайқызы:
– Жамбыл ауданы ақындар мен батырлар елі. Сүйінбай, Жамбыл, Үмбетəлі сынды
аталарымыздың ақындық өнері дарыған ұрпақтарының көп екені бəрімізге мəлім. Байқау жариялаған күннен бастап газетіміздің почтасына өлеңдер толассыз келіп жатты. Бұл байқауды ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз балалар бойындағы ақындық өнерді оқырман назарына ұсына отырып, оның əрі қарай қарқынды дамуына
үлес қосу болатын. Бірақ бұл бағы мен бабы қатар жүрер байқау болғандықтан шын мықтыны анықтау оңайға соқпады. Жіберілген өлеңдердің мəн мағынасына, тармақтардың ұйқастарына аса мəн бердік, – деді.
Байқау қорытындысы бойынша, Мақсұт Лəззаттың өлеңі үздік деп танылып І орынға
ие болды. ІІ орынды Ахметов Қуаныш пен Жанатбекқызы Азиза жеңіп алды. Тақылбекқызы Айсымбат, Оралбай Елдана мен Еркебұланұлы Ерсұлтан ІІІ орынмен марапатталып, ақшалай сыйлықтарды еншіледі. Байқауға белсене қатысқан өзге оқушылар арнайы Алғыс хаттармен марапатталып, əртүрлі сыйлықтарды иеленді. ІІ орын иеленген Жанатбекқызы Азиза:
– Болашақта осындай байқаулар жиі ұйымдастырылып тұрса екен. Өлеңім үздіктер
қатарынан көрініп, бүгін екінші орынды иелендім. Осындай шараны ұтымды ұйымдастырған «Атамекен» газетінің ұжымына алғыс айтамын, –
деп сөзін қорытындылады.
Келесі кезекте сөз алған С.Бердіқұлов орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы АқмаралБауберікқызы:
– Бүгінгі байқауға 3 оқушым қатысқан болатын. Нəтижесінде, үшеуі де жүлделі орындарға ие болды. Баланың бойындағы ақындық дарынды жетілдіріп, оны əрі қарай дамыту мақсатында ұйымдастырған бұл байқау жоғары деңгейді өтті, – деген жылы лебізін білдірді.
Жиын соңында қатысқан оқушылар мен жетекшілері арнайы дайындалған дастарханнан дəм татты. Айта кетсек, бұл газет ұйымдастырып жатқан алғашқы байқау емес. Естеріңізде болса 2023 жылға толық 12 айға жазылған оқырмандар арасында да
байқау өткізген болатынбыз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments