Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін насихаттау және тұрғындарды экологиялық жауапкершілікке шақыру болды. Іс-шараға белсенді жастар мен еріктілер қатысты. Челлендж барысында 2 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы толық тазартылды. Сонымен қатар 3 балалар ойын алаңы қоқыстан аршылып, ретке келтірілді. Аудан тұрғындары жиі серуендейтін 1 аллеяның аумағы да тазаланды. Бұдан бөлек, 1 көше бойындағы тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Жастар тазалық жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен атқарды. Акция қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Табиғатты қорғау – тек экологтардың ғана емес, әр азаматтың ортақ міндеті екені насихатталды. Мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Таза орта адам денсаулығы мен қоғамның дамуы үшін маңызды. Челлендж барысында жастар ұйымшылдық пен белсенділіктің үлгісін көрсетті. Олар туған жердің тазалығына бейжай қарамайтындарын дәлелдеді. Акцияға қатысушылар қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде. Себебі табиғатты аялау – болашақ ұрпақ алдындағы маңызды жауапкершілік. Әрбір таза аула – көрікті елді мекеннің айнасы. Сондықтан тазалықты сақтау әр адамның күнделікті дағдысына айналуы тиіс. «Таза аула – таза қоғамның бастауы!» деген ұстаным акцияның басты мақсатын айқын көрсетті.
Жамбыл ауданы жастар ресурстық орталық жетекшісінің м.а. А.Қожамқұл



