Среда, 18 июня, 2025
Басты бетЖаңалықтар50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanatфиналы басталды

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanatфиналы басталды

50 мыңнан үздік мыңдыққа: Алматыда IQanatфиналы басталды

Алматыда ауыл оқушыларының ауқымды білім беру сайысы – IQanat Олимпиадасының финалы басталды. Оның іріктеу кезеңдері бүкіл ел бойынша бір жылдан бері өтіп келді. 50 мыңнан астам сегізінші сынып оқушысы жобаға қатысып, олардың ішінде үздік мың балафиналист атанды!

Олимпиада аясындағы EQ-тест

IQanat финалистері эмоциялық интеллект, көшбасшылық және кәсіпке бейімділік бойынша тесттен өтеді. Бұл іріктеудің жаңа стратегиясы. Көп жағдайда баланың жетістіктерін мектеп пәндері бойынша білімі емес, «soft skills» дағдылары айқындайды.Осылайша, биылдан бастап қорытынды тестілеудің академиялық бөлігі 80%-ды құраса, қалған 20% бөлігі«жұмсақ» дағдыларға тиесілі болады.

«Біздің міндетіміз – балалардың арасынан ең ақылдыларды емес, ең ынталы, бастамашыл және өз арманына қол жеткізу үшін күресуге дайындарыніріктеу. EQ-тест бізге мұндай балаларды тиімді таңдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, ең маңыздысы – баланы кейін қай бағытта дамыту керектігін айқындап береді. Эмоциялық интеллект икемді дүние, егер бала тәлімгерлер, тьюторлар және қолдау бар дұрыс ортаға тап болса, оның көрсеткіштері жақсарады. Мұндай тәсіл баланың қай тұсы мықты, ал қай жағын дамыту керектігін көрсетіп береді», деді IQanat академиялық директоры Зухра Шегенова.

Оқужаттығуға толы апта

Тестілеу финал аптасының бір ғана күнінде өтеді. Уақыттың негізгі бөлігін ұйымдастырушылар балаларды оқытуға және ынталандыруға арнайды. Жасанды интеллект пен медиасауаттылықтан бастап, кәсіби бағдарлау, бұқара алдында сөйлеу және ойлау дизайнына дейінгі түрлі тақырыпта тренингтер мен дәрістер болады. Балалар танымал бизнесмен, блогерлермен кездесіп, интерактивті ғылыми тәжірибелерге, reading-челлендждерге қатысады, ал ересек балалар Peer-to-Peerжобасы аясында қатысушылардың білімін толықтыруға көмектеседі.

Айта кетейік, IQanat – Қазақстан кәсіпкерлерінің білім беру жобасы, қазір жоба қоғамдастығында 220 меценат бар, олардың әрбірі өз өңірінің балаларына қамқорлық танытып, олардың дамуына үлесін қосады.  

«Балалардың көпшілігі үшін бұл – өз ауылынан, өз өңірінен тыс үлкен қалаға алғашқы сапары. Олар тұңғыш рет университеттерді, бизнес орталықтарды, үлкен даңғылдарды көреді. Олардың санасында «Неге мен емес?» деген басты сұрақ туады. Неге мен осында оқып, елімізді өзгертуге жұмыс істемеймін? Біз балаларды онлайн форматта да тестілей аламыз, бірақ сегізінші сынып оқушыларын әдейі бүкіл елден жинап, басын қосамыз. Олар өз ауылдарының сыртында үлкен әлем барын көріп, ең бастысы, өз арман-мақсаттарына қол жеткізуге болатынын түсінеді», — деді … облысының қамқоршысы.

Медеудегі маңызды кеш

Олимпиада Медеу тау шатқалындағы стадионда қорытындыланып, үздік оқушыларды марапаттау рәсіміөтеді. Оқушылардың бір бөлігі Бурабайдағы IQanat High School of Burabay мектеп-пансионатында білім алу грантына ие болады. Олардың оқуға қатысты барлық шығыны өтеледі. Оқушылардың екінші бөлігі IQ ADVANCED тереңдетіп оқу бағдарламасына қатысса, үшінші бөлігі IQ-IP үш жылдық бағдарламасынақосылады. Оның аясында балалар жоғары оқу орындарына түсуге онлайн дайындалады.

IQanat – ақылды әрі жүйелі қайырымдылықтыңжарқын үлгісі. Іріктеуден кейінгі 3 жыл бойы балалармен үздік ұстаздар мен менторлардың жұмыс істеуінің арқасында жоба түлектерінің 94%-ыҚазақстан мен шетелдің жетекші университеттеріне грант негізінде түседі. Бүгінде жоба түлектері әлемнің 17 елінде білім алып жатыр.  

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments