Алматы облысында ұлттық спорт түрлерінен 1607 секция жұмыс жасайды. Онда 55 мыңнан астам адам аталған спорт түрімен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл өз кезегінде облыс әкімдігінің тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың нәтижесі.
Бүгінде Жетісу жерінде, ұлттық спорт түрлерінен «Саят», «Сонар» халықаралық жарысы, ұлттық ат спорты түрлерінен «Жетісу жүйрігі», «Жетісу бөрісі», «Алтын сақа» «Ақбидай» ауыл ойындары сынды ірі жарыстары ұдайы ұйымдастырылады.
Аймақта ұлттық спортты дамыту жұмыстары қарқынды. Айталық, қазірде Талдықорған қаласында және Қарасай ауданында ұлттық және ат спорты түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және Талғар ауданында ұлттық және ат спорт түрлерінен орталығы, Қапшағай қаласында ат спорты мектебі жұмыс жасауда.
Бұл қатарда техникалық спорттыңда кенжелеп қалмағанын атап өткен жөн. Өңірде 250 адам техникалық спорт түрімен айналысады. Оған, парашюттық, автомобильдік, мотоциклдік, желкенді спорт және байдарка мен каноэдан есу түрлері кіреді.
«Ұлттық спорт¬¬ты дамыту – жас буынның тарихи санасын жаңғыртудың бір жолы. Баршаға белгілі, тарихи сана қа¬лыптаспай, отаншылдық сана орнықпайды. Ал тарихи сананың тұғыры қашанда ұлттық болмыстан.Алдағы уақытта да мәдениетіміз бен құндылықтарымыздың бір бөлшегі болып табылатын ұлттық спорт мәселесін көтере отырып, облыста бұқаралық спортты және балалар спортын дамытатын боламыз»,-дейді Алматы облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев.
Жерлестер, спорттың қай бағытында болмасын жүзден жүйрік. Оның айқын дәлелі, ағымдағы жылы спортшылар ҚР чемпионаттарында 10 алтын, 15 күміс және 12 қола медальді қанжығаларына байлағаны. Жігері мықты оғландар жарап тұр. Олар үстіміздегі жылдың 23 шілде – 8 тамыз аралығында өтетін Токиодағы XXXIІ жазғы Олимпиада ойындарына 9 бірдей жолдаманы ұтып алды. Сонымен қатар тас жолдағы велоспорт, жеңіл атлетика (ядро лақтыру), ауыр атлетика және жүзу спорт түрлерінен 4 спортшы жолдама иеленуге үміткер болып табылады.
Содай-ақ, Нұрбақыт Теңізбаев «Бұқаралық және балалар спортын дамыту мақстында Алматы облысында ағымдағы жылы жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін іске асыру барысында спорттық секцияларда 6000 баланы қамту жоспарланып, жұмысты бастауға жергілікті бюджеттен 250 млн.теңге қаражат бөлінді»,- деп атап өтті.
Қаперлеріңізге саламыз, 2021 жылы мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында қамтылатындар санын 20 000 балаға дейін арттыру көзделіп, аталған мақсатқа қосымша 1,4 млрд.теңге қаражат бөлу бойынша бюджеттік өтінім ұсынылды.