Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында Ұзынағаш ауылындағы Абай гимназия мектебінде, Ш.Уәлиханов, Т.Рысқұлов, С.Бердіқұлов орта мектептерінде «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы өтті. Акцияға «Полицияның жас көмекшілері» клубының мүшелері және Жамбыл ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының инспекторлары қатысты. Шара барысында ата-аналар мен балаларға «Сақтық жадынамалары» таратылды.