Среда, 27 ноября, 2024
Басты бетТәуелсіздікке 30 жылҰлтымыздың ұлы ұстыны— Тәуелсіздік

Ұлтымыздың ұлы ұстыны— Тәуелсіздік

Биыл егемен ел атанып, тәуелсіздік алағынымызға 30 жыл. 30 жылда қаз-қаз тұрып, тәй-тәй басқан Қазақстан әлемдік елдермен терезесі тең елге айналды. Тәуелсіздік алған жылдан бастап партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді қиын кезеңдерден өзінің сарабдал саясатымен алып шыға білді. Алтай мен Атырауға дейін созылып жатқан Ұлы даламыздың шекарасын шегедеп, бекітті. Бұл біздің кешегі өткен бабаларымыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, аманаттап кеткен атамекені. Осы елдің болашағын жарқын қылу, Тәуелсіз Қазақстанның Мәңгілік ел атануына күш салу бүгінгі жас ұрпақ біздің қолымызда.

Тәуелсіздік туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «…Халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген. Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек.

Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс. Ұлтымыздың ұлы ұстыны – қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін!»-деген болатын.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы да тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс», «Тәуелсіздікке -30 жыл» сияқты жобалар аясында партия филиалына келіп, өз мәселелерін көтерген азаматтармен жұмыс атқаруда. Соның арқасында биылғы жылдың алғашқы 5 айында 100-ге тарта отбасыға азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсетілді. Алдағы уақытта бұл шаралар өз жалғасын табатын болады.

 

Ықылас Еркінұлы Амалбек,

«Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments