Понедельник, 18 августа, 2025
Басты бетЖаңалықтар18 тамыз - Шекарашылар күні

18 тамыз — Шекарашылар күні

Қырағылық өнегесi

…Қарақыстақ шатқалының ішінде жұмыс істеп жатқан сарбаздардың күнге күйген жүздерінен жас адамға тəн қайсарлық байқалады. Тəйірі, шаршау дегенді білмейтін жаста емес пе?! Сондықтан бізді қуана қарсы алған өздерімен емен-жарқын амандасып, оларға əскери журналист екенімізді айтқан соң бірден фотоаппаратымызды іске қосқанбыз. Обалы нешік, майор Абылай Нұртаза басшылық жасайтын инженерлер де жұмысты қалай жапырып істесе, біздің тау Шығыстан көтерілген күннің алғашқы арайын бірінші болып шекарашылар қарсы алады. Себебі, шекараны ерекше күзетпесе, елден тыныштық кетеді. Сондықтан, 1992 жылдың 18 тамызында ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Шекара əскері құрылған болатын. Содан бері арадан сынапша сырғып өте шыққан 33 жылдың ішінде Шекара қызметі үшін ауыз толтырып айтарлықтай қандай оқиғалар болды?

Иə, көп жұмыстар атқарылды. Алысқа бармай-ақ, соңғы бес жылға көз жіберіп көрелік. 2020 жылдың наурызы Шекара қызметі үшін тарихи өзгерістермен басталды. Өңірлік басқармаларды Президент Жарлығына сəйкес жаңа департаменттер алмастырды. Атауы өзгергенімен, шекарашылардың атқаратын қызметі, жауынгерлік Даңқ жолдары өзгерген жоқ. Бүгінде полковник Ə.Каюпов басқаратын ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті – солардың бірі.

Департаментке қарасты Райымбек, Қарасай ауданы бойынша шекара басқармаларының өздеріне тəн ерекшеліктері бар. Мəселен, Райымбек батырдың есімін еншілегеніне бес жыл толған шекара басқармасының «Нарынқол» шекара бөлімшесі өзінің 104 жылдық тарихымен мақтанады. Есесіне, қарасайлық шекарашылар өздерінің заманауи үлгідегі шекара бөлімшелерімен ерекшеленеді. Айтар болсақ, «Алмаарасан», «Қарғалы», «Қастек», «Қаскелең» жəне «Жамбыл» шекара бөлімшелері. Ал шекара басқармасының тарихы 2012 жылдың 15 ақпанынан басталады. Дəл осы күні басқарма Қарасай оқу отрядының базасында ашылып, шекара бөлімшелері қазақ-қырғыз шекарасын күзетуге кірісті. Содан бері шекарашылар 100-ден аса шекара бұзушыны ұстап, барымташылармен айқасты, контрабандашыларды құрықтады. Негізі, қарасайлық шекарашылардың қаскөйлермен табанды күресі – том-том кітапқа жүк бола алады.

Мəселен, «Саты» шекара бөлімшесінің капитаны Е.Ермек басқарған шекара наряды еліміздің аумағында заңсыз аң аулаумен айналысқан шетелдік азаматты ұстады. Құрықтау кезінде шекарашылар шекара бұзушыдан екі аңшылық қару, бірнеше пышақ жəне маралдың етін тəркіледі. Сонымен қатар, биыл «Қастек» шекара бөлімшесінің аумағынан шекара бұзуға əрекеттенген екі жателдік құрықталып, заң алдында жауап беретін болады. Шекара аймағына келу тəртібін бұзған жүзден аса азамат əкімшілік жауапкершілікке тартылғаны айтпаса да түсінікті.

Ал жақында «Жамбыл» шекара бөлімшесінің аумағынан айырқалпақты азамат қолға түсті. Капитан Қ.Қамбар басқарған шекара нарядының қақпанына түсіп қалған мемлекеттік шекара режимін бұзушы жергілікті ішкі істер бөлімшесіне жеткізіліп, тексеру жұмыстары басталды.

Аталған шекара басқармасына қатысты тағы бір жағымды жаңалық бар. Мұнда Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының инженерлері тау ішіне жол, өзеншелерге өткел салумен айналысуда. Жоспарға сəйкес, шекарашы инженерлер алдағы қыркүйек айына дейін 30-дан астам көпіршелер орнатып, жол салуға тиіс. Жақында осынау міндеттің үдесінен шығып, тапсырманы бітіруге аз қалған инженерлердің жұмысымен танысудың сəті түскен болатын. ішіндегі ерекше фотосессиямызды да солай жандырып жіберген.

Иə, қазақ елінің алып таулары – тек табиғаттың кереметі ғана емес, ел шебінің қалқаны, тəуелсіздіктің тыныс алатын тұмары. Осы қыраттар мен шатқалдарда, бұлтпен тілдескен белестерде, жұрт көзінен тыс, үнсіз де тынымсыз еңбек етіп жүрген инженерлердің міндеті – қос тігіп, қой баққан қойшылардың да тау ішіндегі бейбіт тіршілігіне жағдай жасау. Əсіресе, таулы аймақтарда бұл міндет – үш есе қиын, үш есе жауапты.

…Сарбаздардың бүгінгі қарқындарына қарап, олардың бұл міндеттерді де оңай еңсеретіне кəміл сендік. Осылайша, инженерлердің тау ішіндегі қым-ғуыт тіршілігімен танысып болған кезімізде түскі астың уақыты да келіп жеткен. Сондықтан, «Соғыс – соғысымен, ал түскі ас уақытында болуы керек» демекші, тау суына жуынып, өздерінің шаршағандарын басқан сарбаздармен бірге базаға оралдық.

Ал мұнда ұжымға барлық жағдай жасалыпты. Əсіресе, база мен өркениеттің арасын жалғап тұрған спутниктік тəрелкелердің өзі көңілге қуаныш ұялатады. Өйткені бұл дегеніміз, əр аптаның жексенбісінде үйлерімен байланысқа шығып, ата-ана, туғандарының дауысын естігенше асыққан сарбаздар үшін тамаша мүмкіндік емес пе?!

Сосын тау суының түбінде тұрған моншаны көріп, өзіне бірден «сақ моншасы» деп «ат» қойдық. Əрине, бізден бірнеше ғасырлар бұрын өмір сүрген сақтардың моншасы қандай болғанын кім білген. Ғаламтор мен тарихи деректерден таныс екеніміз болмаса… Дегенмен, шекарашыларға моншаның міндетін атқарып тұрған əскери шатырдың іші осындай ойға итермелейтін еді…

Сарбаздардың арасында өнерпаздар да жеткілікті көрінеді. Сондықтан, ауыр жұмыстан кейін серпілгісі келетіндер үшін базаның ақпараттық жəне тəрбие жұмыстарына арналған шатырдың ішінде тұрған домбыра, гитараны қолға алса болғаны, шағын концерт дайын.

…Міне, Жамбыл бабамыздың туған жерінде өздерінің Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеп жүрген сарбаздардың ел шебіндегі тыныс-тіршілігі жайында айтарымыз осы. Əзірге. Əлімсақтан бері келе жатқан «Шекараны бүкіл халық қорғайды» қағидасының маңызын терең түсініп, шекарашыларға көмекке келуге дайын тұратын жергілікті халыққа əсіресе инженерлер салып берген көпірлер мен тау соқпақтарының тигізер пайдасы өлшеусіз екены хақ. Сосын да шекарашылардың төл мерекесі қарсаңында үлкен іспен айналысып жатқан инженерлердің тау ішіндегі өміріне ерекше тоқталғанды жөн көрдік.

Иə, Отан шетінде ерлер жүр!

Тамара ДƏУЛЕТБАЕВА,
əскери журналист,
ҰҚК Шекара қызметі

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments