Среда, 3 сентября, 2025
Басты бетЖаңалықтарЖаңа оқу жылына дайындық: Алматы облысында білім беру саласы жүйелі жаңғыртылуда

Жаңа оқу жылына дайындық: Алматы облысында білім беру саласы жүйелі жаңғыртылуда

2025–2026 оқу жылы қарсаңында Алматы облысында білім беру жүйесін дамыту бағытында ауқымды және жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Әтенбекова мәлімдеді.

Биыл жаңа оқу жылына ерекше дайындықпен кірісіп отырмыз. Басты назар – қауіпсіздік, инфрақұрылымды жаңарту және балаларды әлеуметтік қолдау, – деді спикер.

Облыста «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 26 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Іле ауданында 3 мектеп бой көтеруде.
– 2026 жылдың 1 қаңтарына қарай үш ауысымды мектептер саны 30-дан 14-ке дейін қысқарады. 2025 жылы пайдалануға берілетін жаңа мектептерге 14 155 оқушы және 1 984 педагог қабылданады деп жоспарлануда, – деді Ақмарал Әтенбекова.

2025–2026 оқу жылында Алматы облысы бойынша жалпы 362 мың оқушы білім алады. Оның ішінде 1-сыныпқа 34 509 баланы қабылдау жоспарланған. Қазіргі таңда өтініштердің 97 пайызы қабылданды.

Әлеуметтік қолдау аясында 57 мыңнан астам оқушы мектеп формасы және оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 1–4 сынып оқушылары мен әлеуметтік осал санаттағы балаларды қосқанда, 176 мың оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл ретте Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп ас мәзірі әзірленуде.

Айта кетейік, елді мекендерде тұратын балалар үшін тасымал ұйымдастырылған. Қазіргі таңда 35 мың бала мектепке тасымалдануда, 254 автобус қызмет көрсетуде.

Жаңа оқу жылына дайындық
Алматы облысында кешенді әрі жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл шаралардың барлығы – жас ұрпақтың сапалы білім алуына, қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуіне бағытталған маңызды қадамдар.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments