«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 104-бабының 2-бөліміне, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2021 жылғы 3 маусымдағы №26 «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы», 2021 жылғы 1 шілдедегі №31 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулыларына, Қазақстан Республикасы, оның ішінде Алматы облысының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциямен сырқаттану жөніндегі, эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Алматы облысының аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстың полиция Департаменті, Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы, Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және Кәсіпкерлер палатасы қамтамасыз етсін:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатыспайтын, Алматы облысының аумағында орналасқан әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №26 қаулысының (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №26) №4 қосымшасына сәйкес «Аshyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды қамтамасыз етсін;
3) «Ashyq» жобасын келесі кәсіпкерлік объектілерде ауқымды іске асыру:
— йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
— СПА-орталықтары;
— сауналар, бассейндер;
— PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
— боулинг клубтары;
— кинотеатрлар;
— театрлар мен филармониялар;
— асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
— облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
— бильярд клубтары;
— концерт залдары;
— ерікті қатысушылар;
— караоке;
— көрмелер;
— океанариум;
— марафондар;
— көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
— лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
— балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
— цирктер;
— отельдер, қонақ үйлер;
— Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) келісу бойынша әуежайлар және теміржол вокзалдары.
4) №26 ҚР БМСДҚ 1 және 2-тармақтарына сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде «Аshyq» бағдарламасын еңгізу;
5) №26 ҚР БМСДҚ 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес «Ashyq» жобасын еңгізуге және оған қатысуға ұсынылатын алгоритмдерді, сондай-ақ, №26 ҚР БМСДҚ 5-қосымшасына сәйкес «Ashyq көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттарын сақтау;
6) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформалар (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) арқылы пайдалану қажеттілігі туралы хабардар ету;
7) ойын-сауық, бұқаралық мерекелік іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, корпоративтерді, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;
8) букмекер кеңселерінің қызметіне тыйым салу;
9) қоғамдық көліктерде, таксилерде, әуежайларда, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар мен басқа да қоғамдық орындарда санитариялық және дезинфекциялық өңдеуді жүргізу;
10) қоғамдық көлік аялдамаларына күніне кемінде екі рет, қоғамдық көлікке әрбір рейс алдында жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді жүргізу;
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеумен Қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беру;
12) барлық меншік нысанындағы мынадай орта білім беру объектілерінің жұмысына рұқсат беру:
– 300 оқушыға дейінгі контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 25 адамға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерді дәстүрлі форматта қабылдау;
– жалпы білім беретін мектептердегі мектепалды сыныптардың оқушылары үшін кезекші сыныптардың (сыныпта 15 адамнан артық емес), 1 — ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде-1-ден 7-сыныпты қоса алғанда;
– бітіруші сыныптардың (9, 11 (12) сыныптар) аралас форматта аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70% штаттық режимде, 30% қашықтықтан (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1-сынып-1-кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маскалық режимдерді сақтау);
– оқу мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды сабақтан тыс уақытта жеке оқытуға рұқсат етіледі;
– қызметін қайта бастаған оқу орындары үшін асханалардың жұмысы (залды толтырудың 30% артық емес);
13) орта білім беру объектілері оқушыларының білімін бағалау бойынша үй-жайда 15 адамнан аспайтын толтырумен, шахмат тәртібімен отырғызумен, Маска режимін және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, республикалық олимпиадаларды өткізуге рұқсат беру. Бұл ретте үй-жайларды адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етілген ауаны зарарсыздандыруға арналған аспаптармен (рециркуляторлар, экрандалған бактерицидті сәулелегіштер) жабдықтау ұсынылады;
14) қашықтықтан оқыту нысанын (онлайн) қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің дәстүрлі форматта оқуын тоқтата тұру;
15) әлеуметтік қашықтықты (1 адамға кемінде 4 шаршы метр), күшейтілген дезинфекциялық режимді, сондай-ақ үздіксіз желдетуді сақтаған жағдайда немесе ауаны залалсыздандыру құралдарын (рециркуляторлар, экрандалған бактерицидті сәулелегіштер) орнатқан жағдайда орта және жоғары білім беру объектілерінде, сондай-ақ колледждерде оқуға түсу және бітіру емтихандарын, білімді бағалаудың басқа да түрлерін дәстүрлі форматта өткізуге рұқсат беру;
16) бетперде тәртібін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде, қорықтарда, резерваттарда және басқаларда) баруға рұқсат беру;
17) күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салынады;
18) аялдамаларда және қоғамдық көліктерде «қарбалас сағаттарда» халықтың көп жиналуын болдырмау үшін барлық мемлекеттік ұйымдарда (кәсіпорындарында), кәсіпкерлік субъектілерінің офистерінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес сараланған (дифференцирленген) жұмыс кестесін ұйымдастыру;
19) жұмыскерлер саны 250 адамнан асатын ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, мемлекеттік кәсіпорындарға, органдар мен ұйымдарға жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыскерлерді тасымалдау үшін қызметтік автокөлікті пайдалану ұсынылады;
20) «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беру;
21) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат беру;
22) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беру (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);
23) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы «COVID-19» қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растауды ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беру;
24) жақын туыстарының қатысуымен 15 адамнан аспайтын жерлеу рәсімдерін өткізу, зираттарда адамдардың көп жиналуына (тек бір отбасы мүшелері) жол бермеуді қамтамасыз ету.
2. Алматы облысының аудандары мен қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелері, құқық қорғау және арнайы органдар, Алматы облысының Кәсіпкерлер Палатасы (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғаларға қамтамасыз ету:
1) «COVID-19» қарсы вакцинациялауды алмаған (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және «COVID-19» ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) мынадай ұйымдардың/объектілердің қызметкерлері үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберілуін шектеу:
қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер);
халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің;
мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);
халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);
жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің;
білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың;
санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);
қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың;
барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);
денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың;
дәріхана ұйымдарының;
тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);
экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың;
демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);
байланыс және телекоммуникация объектілерінің;
2) осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде «COVID-19» ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) ПТР-тестілеу міндетті.
3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялардың, ұйымдардың, меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында осы қаулының 2-тармағында белгіленген салаларда қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың басшылары:
1) 2021 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын;
2) профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының профлактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін;
3) COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектесін.
4. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстың кәсіпкерлер Палатасы (келісім бойынша), Полиция департаментіне, Алматы облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармаларына қамтамасыз ету:
1) қызметі рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылау. Бұзушылықтар анықталған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдану;
2) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 шілдедегі №6 хаттамасының 2.6-тармағын басшылыққа ала отырып, осы қаулының қосымшасына сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің қызметін қайта бастау.
5. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (объектілердің) басшылары, барлық жеке және заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, барлық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан:
1) осы қаулының талаптарын қатаң орындау;
2) ҚР БМСД №67 қаулысында көрсетілген алгоритмдерге сәйкес, жинау мен дезинфекция жүргізудің күндізгі кестесін әзірлеу, бірақ жұмыс ауысымына 2 реттен кем емес;
3) жексенбі күндері үй-жайлар мен іргелес аумақты күрделі жинау және дезинфекциялау жүргізу;
4) қызмет көрсету (сұлулық салондары, шаштараздар, косметология, химиялық тазалау, кір жуу, оргтехникасын жөндеу және т.б.) және қоғамдық тамақтану саласындағы объектілерге келушілер көп жиналатын жерлерде ауаны зарарсыздандыру аспаптарын (экрандалған бактерицидті сәулелегіштер, рециркуляторлар) орнату ұсынылады.
6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы қаулы күшіне еңген сәттен бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 мамырдағы №12 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
8. Бұл қаулы 2021 жылы 7 шілдеде 07 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.
Алматы облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері Е.Сыдыманов