Жамбыл ауданында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Максим Рожин және Жанарбек Әшімжанов азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан зейнетақы және әлеуметтік төлемдер, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл инфрақұрылымы, жолдардың жай-күйі, ауыз су, газдандыру, ауыл шаруашылығын қолдау, суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету және өзге де өзекті мәселелер көтерілді.
▪️ Әрбір өтініш пен ұсыныс мұқият тыңдалып, тиісті мемлекеттік органдарға жолдау, депутаттық сауал жолдау және нақты шешу жолдарын қарастыру бойынша жұмыстар басталды. Азаматтардың мәселесін шешу – басты назарда.

