Понедельник, 26 января, 2026
Басты бетUncategorizedМен Конституцияға енгізілетін бұл түзетуді маңызды әрі уақыт талабына сай шешім деп...

Мен Конституцияға енгізілетін бұл түзетуді маңызды әрі уақыт талабына сай шешім деп бағалаймын

Некені ер мен әйелдің заңды одағы ретінде нақты айқындау – отбасы институтының қоғамдағы орны мен мәртебесін нығайтатын маңызды қадам. Отбасы – ұлттың ұйытқысы, тәрбиенің бастауы, адамгершілік пен жауапкершіліктің қалыптасатын негізгі ортасы. Сондықтан мемлекет деңгейінде оның мәнін айқындау ұлттық құндылықтарды қорғауға бағытталған дұрыс шешім деп есептеймін.
Бұл норма жас ұрпақты дәстүрлі отбасылық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге, ата-ана институтын күшейтуге және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол қоғамдағы тұрақтылықты арттырып, демографиялық саясаттың тиімді жүзеге асуына, рухани тұтастықтың нығаюына оң әсер етеді.
Менің пікірімше, Конституцияда отбасы ұғымының нақты бекітілуі мемлекеттің отбасына деген жүйелі қолдауын көрсетіп, қоғамдағы моральдық-этикалық қағидаттарды сақтауға, ұлттық болмысты нығайтуға қызмет етеді. Бұл – ел болашағы үшін аса маңызды әрі жауапты қадам.

Самсы ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Б.Дастанова

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments