Четверг, 19 марта, 2026
Басты бетЖаңалықтарҚазыбек бек ауылдық мәдениет үйінде Наурызнама онкүндігі аясында Жаңару күніне арналған мазмұнды...

Қазыбек бек ауылдық мәдениет үйінде Наурызнама онкүндігі аясында Жаңару күніне арналған мазмұнды да тағылымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Бұл күн – жаңарудың, жаңғырудың, татулық пен ізгіліктің символы ретінде ауыл тұрғындарының басын қосқан ерекше сәт болды.
Шара барысында ауыл тұрғындары бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін арнады. Келіндер әдеп-ғұрыпқа сай сәлем салып, ұлттық тәрбиенің көрінісін паш етті. Ақ дастарқан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, қонақтар дәмнен ауыз тиді. Сонымен қатар, табиғатпен үндестік таба отырып, көшеттер отырғызылып, жаңару күнінің мәні тереңдей түсті.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, ауыл өнерпаздары әсем ән мен күмбірлеген күй арқылы көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұлттық рух пен мәдениетті ұлықтаған бұл кеш көпшіліктің жадында жарқын әсер қалдырды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments