Четверг, 26 марта, 2026
Басты бетЖаңалықтарНаурыз мерекесіне орай волейболдан тартысты жарыс ұйымдастырылды.

Наурыз мерекесіне орай волейболдан тартысты жарыс ұйымдастырылды.

Аталған спорттық шараға 6 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Ойын барысында командалар жоғары дайындықтарын, ұйымшылдығын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Әр кездесу қызықты әрі шиеленісті өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл ауданының құрама командасы үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңімпаз командаға арнайы марапаттар табысталып, олардың еңбегі жоғары бағаланды.

Сонымен қатар, жарысқа қатысқан барлық командалар белсенділік танытып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты. Мұндай спорттық іс-шаралар достық пен бірлікті нығайтып, жастарды спортқа баулуға үлкен мүмкіндік береді.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments