Среда, 1 апреля, 2026
Басты бетAtamekenСыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу әрбір азаматтың парызы!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу әрбір азаматтың парызы!

Сыбайлас жемқорлық заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа елдер сияқты біздің демемлекетімізді де айналып өткен жоқ.

Президентіміз  Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаев  өзінің  Қазақстан  халқына  арнаған  алғашқы  Жолдауында  осы  бір  мәселенің  әлі  де  болса күн  тәртібінен  түспейтінін,  арнайы  заңдар қабылданып,  жұмыстың  күшейтілетінін  айтты.  Себебі,  жемқорлық  жүрген  жерде  алға  даму  мүмкін  емес. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының  аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе–бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына себеп болады.  Қазақстан Республикасының «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық                           Қазақстан Республикасы азаматтары жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдар, ұжымдар және өзге де қызметтер заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Егер әр  қызметкер  өзінен  бастап парақорлықты  тиятын  болса,  үлкен  нәтижеге  шығарымыз сөзсіз.

Салауатты, таза және сау ортаны ұстанып, тыныс – тіршілігін тарылтатын, заңсыз  әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жеке кәсіпкердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеуіміз керек. Ол үшін қарсы атсалысып жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Әрбір азамат Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір – қасиетін құрметтеуге міндетті.

ҚР АШМ АӨК МИК

Жамбыл аудандық аумақтық  инспекциясыбасшысы

Е.А. Байсариев                                                                                                                                                

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments