Игі бастамаға ауыл тұрғындары, еріктілер мен қонақтар белсенді қатысып, туристік аумақтың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, туған жердің табиғи тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында қатысушылар аумақты қоқыстан тазалап, табиғи нысандардың көркін келтіру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізді.
Жиында сөз сөйлеген ұйымдастырушылар табиғатты аялау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, өңір тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға шақырды. Сонымен қатар, «Жер кіндігі» туристік аймағының тек демалыс орны ғана емес, өңірдің мақтанышына айналған маңызды нысан екені айтылды.
Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев тапсырмасына сәйкес, мұндай тазалық шаралары тұрақты түрде жүргізілуде.
Акция соңында ұйымдастырушылар тазалық жұмыстарына белсене атсалысқан барша қатысушыларға алғыс білдірді.
Мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да жалғасып, өңірдің табиғи тазалығын сақтауға бағыттала бермек.
аудан әкімінің баспасөз хатшысы Б.Айталы



