Среда, 27 ноября, 2024
Басты бетЖемқорлыққа жол жоқБарлық күш-жігерді біріктіру керек

Барлық күш-жігерді біріктіру керек

Сыбайлас жемқорлық жағымсыз құбылыс ретінде əлемнің барлық елдеріне таныс. Осы кеселдің алдын алуда белгілі бір нəтижеге жеткен мемлекеттер ғана шынайы экономикалық өркендеуге ұмтылатыны белгілі.

Бүгінгі таңда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы басымдықтар оның алдын алу жағына ауысты. Дегенмен, бұл орайда тек заңдар қабылдау жеткіліксіз. Оларды орындау жəне елдің барлық азаматтарының жоғары құқықтық санасын қалыптастыру қажет. Іскер адамдарға ерекше жауапкершілік жүктеледі.

Сыбайлас жемқорлық – бұл əрқашан пара беруші мен пара алушы бар екі жақты жол. Сондықтан Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақы-лау департаменті қазіргі уақытта, бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Кəсіпкерлік саласының қызметкерлерін мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шараларға кеңінен тарту мақсатында олардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту жөніндегі қызметке қатысуы ерекше маңызды деп саналады. Сондықтан шешімдер қабылдау рəсімдерінің есептілігін, бақылауда болуын жəне ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу; адал бəсекелестік қағидаттарын сақтау; мүдделер қақтығысын болғызбау; іскерлік əдеп нормаларын қабылдау жəне сақтау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі бағдарламаларды əзірлеу жəне орындау бойынша мемлекеттік органдармен жəне өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау керек.

Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» тарату, сондай-ақ, ұйымдар белгілеген этикалық қағидаларды бұзатын мінезқұлыққа қатысты жəне сыбайлас жемқорлық тұрғысында құқық бұзушылықтарға қатысатын, немесе ұйымның адал бəсекелестігі мен беделін өзгеше түрде бұзатын адамдарды ұйымда жұмыс істеуге жол бермеу шаралары қабылданады.

Осылайша, ұйым басшылығы мемлекеттік лауазымды тұлғалардың пара талап ету фактілері туралы, басқа қызметкерлердің пара беру фактілері туралы ақпаратты, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына қайшы келетін іс-əрекеттер туралы өзге де ақпаратты берудің қорғалған арналарын анықтауы қажет.

Осы міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым жұмыскерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы, немесе жұмыскерге мəлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау жағдайлары туралы, ақпарат туралы жұмыс берушіні хабардар ету тəртібін əзірлейді. Пара талап ету фактілері туралы ақпарат заңнамада белгіленген тəртіппен уəкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға жеткізіледі.

Қорытындылай келе, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ екенін атап өту керек. Бұл құбылысқа тиімді қарсы тұруға азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Тек осылай ғана, біз бəсекеге барынша қабілетті мемлекеттердің қатарына кірудің ұлттық идеясын іске асыра аламыз.

А.ТҮМЕНОВ,

Жамбыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments