2026 жылғы 11 маусым күні Жамбыл ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еріктілер және аудан тұрғындары белсенді қатысып, жалпы саны 2411 адам жұмылдырылды. Оның ішінде 379 мемлекеттік қызметкер, 443 ерікті және 1589 тұрғын қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында аудан аумағындағы 56 гектар жер тазартылып, 19 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Жұмыстарға 26 арнайы техника тартылды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту ғана емес, сонымен қатар қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру, туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершілікті арттыру. Таза аула, таза көше, таза қоршаған орта – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Осыған орай, аудан тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға, сенбіліктер мен экологиялық акцияларға белсенді қатысуға шақырамыз. Туған жердің көркеюі мен тазалығы – баршамыздың ортақ ісіміз.
Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі



