Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАудандық тамыз конференциясы өтті

Аудандық тамыз конференциясы өтті

Бүгін «БІЛІМДІ ҰЛТ — ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ» атты педагогтардың аудандық тамыз конференциясы өтті.
«Zoom» бағдарламасымен қашықтықтан өткізілген конференцияға аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Светлана Алтынбекова, ауылдық округ әкімдері және мектеп директорлары қатысты.

Конференция барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Светлана Амантайқызы аудан бойынша жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары туралы баяндама жасады.

Баяндамадан соң Нұрлан Ертасұлы қазіргі ең түйткілді мәселелер:
оқушыларды толық құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, мектептердің санитарлық талаптарын қадағалау, құрылыс жұмыстары жүргізілген мектептердің қиындықсыз білім алуына мүмкіндік жасау сынды мәселелерді жіті қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, мектептердің жаңа оқу жылына дайындықтарын тікелей өз тексеріп, бақылауына алатынын атап өтті.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments