Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарIT мамандары — ел болашағы

IT мамандары — ел болашағы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Жолдауы елдің ойын мазалап жүрген біраз сұрақтарға жауап берді деп айтсақ артық етпес. Соның бірі елімізде IT мамандарын дайындау. Бұл жөнінде ел Президенті: «Цифрландыру Қазақстан үшін маңызды. Кем дегенде 100 мың IT маман дайындау қажет. Мемлекеттік органдардың бизнес-процестері цифрландырылуы тиіс. Көршілес мемлекеттерге қызмет көрсетуі тиіс қазіргі заманғы деректерді өңдеу орталықтарын құру қажет. Қазақстан цифрлық хабқа айналуы керек»,-деді.

Сонымен қатар Президент ветеринария саласын да цифрландыру қажет екенін айтып, жыл соңына дейін осы салада реформа жүргізуді тапсырды.

Иә цифрландыру жүйесін дамыту қазіргі заманның басты талабының бірі болып отыр. ХХІ ғасырдың  жастары цифрлы технологиялармен бірге өсіп, жетіліп келеді. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда елімізде робототехника мен түрлі цифрлық бағдарламаларды жасауға қызығушылығы артқан жастардың қатары күн санап өсіп келеді. Бұл қуантарлық жағдай. Цифрлы технологияның дамығаны қазірден-ақ байқалуда. Қазір кез келген керекті құжат пен ақша аударымдарын түрлі цифрлық бағдарламалар арқылы үйден шықпай-ақ жүзеге асыруға мүмкіндік туып отыр. Болашақта біз IT мамандарына көңіл бөліп, оларға бар мүмкіндік жасасақ бұдан да зор жетістіктерге жетеміз деп ойлаймыз. Бұл қазіргі заманға сай Қазақстанның дамуының бір жемісі деп білеміз.

Балжан Ерболқызы Досалы,

Аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments