Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Жамбыл орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы өз жұмысын бастады. Қай кезеңде де кітап адам өмірінде ерекше роль атқарады. Кітап – адамның ой-өрісінің қалыптасып кемелденуіне көмектесетін құрал. Оқыған адамға əлбетте, көзі ашық, көкірегі ояу деп баға беріп жататынымыз сондықтан.
Бұл жобаның мақсаты – өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын, оқу мəртебесін жəне оқу белсенділігін, сонымен қатар оқу сапасын арттыру, балалар мен жастардың мəдени жəне оқу құзіреттілігін дамыту, көркем шығармалар оқуды насихаттау, жас ұрпақ бойындағы азаматтық жəне адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып отыр.
Жобаның жол картасы жасалып, тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Мысалы, оқушылардан (2-6 сыныптар, 7-11 сыныптар) «Кітап оқу мотивациясын анықтау» тақырыбында сауалнамалар жүргізілді. Оның нəтижесі балалардың кітап оқуға құштарлығы артқанын байқатты. Оқушылар жəне қандай əдеби жанрды жүрегі қалайтыны туралы өз ойларын анық жазған. 1-топтағылар – ертегілерді, аңыз-əңгімелер мен энциклопедияларды қаласа, 2-топтағы оқырмандар «Ең соңғы оқыған кітабыңыз?» деген сұраққа Мұхтар Əуезовтің «Абай жолы» романэпопеясын, «Қандай кітап оқуды ұсынар едіңіз?»
деген сұраққа Жамбыл Жабаев, Абай Құнанбаев, т.б. қаламгерлерді таңдағанын айтты.
Сондай-ақ, ақпарат бұрышы мен кітап көрмесі қойылды. Көрме жаңа кітаптармен толықтырылып, таныстыру бейнероликтері мұғалімдер мен ата-аналардың, оқушылардың чатына жолданды. Аптаның əр сəрсенбісінде 10 минуттық үзілісте «Джигсо» əдісі арқылы оқылған кітаптың мазмұны айтылып, талқыланды. Жобаның жол картасы «Кітапхана қорын көркем əдебиетпен толықтыру» бағыты бойынша «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын жүзеге асырды.
Буккросинг алаңы да үздіксіз жұмыс жасауда. Сонымен қатар, мектепте ауылдан шыққан қаламгерлерге арналып ашылған бөлмелерді оқушылар қызыға аралады.
Жоба ата-аналардың да белсенділігін арттыруда «Ұйқы алдында оқимыз», «Ата-аналар оқуы», «Отбасылық оқу» шараларын челлендждер дəрежесінде жүргізуде. Мұндағы мақсат – атаана, бала, ұстаз арасындағы қарым-қатынасты нығайту болып отыр. Білім алушылардың оқу мəдениетін арттыру мақсатында да мектепте əдеби кештер, кездесулер жиі өткізіліп тұрады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасын насихаттау, оны көпшілікке мейлінше таныстыру мақсатымен əлеуметтік желілерде парақшалар ашылған. Оған жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар үздіксіз жарияланып тұрады.
Жанна ЕРМЕКБАЕВА, Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры.