Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЦифрлы Қазақстан«Қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту

«Қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда «оралман» термині ресми түрде «қандас» деп ауыстырылды. Бұл мәртебені ХҚО арқылы да алуға болады.
Ол үшін сізде келесі құжаттар болуы керек:
— толтырылған өтініш (үлгісін Egov-тан жүктеуге болады)
— еркін түрде жазылған өмірбаян
— сіздің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмелері
— жергілікті атқарушы органның мәртебе беруге келісімі
— Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі фотосуреті
Егер барлық құжат дұрыс болса, мәртебе 5 жұмыс күні ішінде беріледі. Мәртебенің жарамдылық мерзімі бір жылды құрайды, содан кейін оны ұзартуға немесе ҚР азаматтығын алуға құжаттар тапсыруға болады. Толық ақпарат алу үшін 1414 call-орталығына хабарласуға болады.
Қандастар – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін шетелдегі тұрақты жерінен елімізге оралған этникалық қазақтар. Қазақстанға келгеннен кейін оларға «Қандас» мәртебесін алу қажет.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments