Жамбыл ауданының Қарғалы ауылындағы «Айсұлу» базары аумағында «Әділет» партиясының мобильді тобының қатысуымен ақпараттық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында базар аумағындағы кәсіпкерлер мен келушілерге партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат ұсынылып, ақпараттық материалдар таратылды.
Кездесу барысында қатысушылармен пікір алмасу өтіп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Іс-шара партияның сайлауалды жұмыстары аясында ұйымдастырылды.


