Алматы облысында өнеркәсіп өндірісі жоғары қарқынмен дамып келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,42 триллион теңгеден асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,9 пайызға өсті.
Әсіресе өңдеу өнеркәсібі жақсы нәтиже көрсетіп, жалпы экономикалық өсімнің негізгі драйверіне айналды. Өндірістік кәсіпорындарды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және инвестиция тарту өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беруде.
Сарапшылардың айтуынша, өнеркәсіп саласындағы өсім бюджет кірістерін көбейтіп, халықты тұрақты жұмыспен қамтуға оң әсер етеді.


