Бүгін Жамбыл ауданында «Әділет» партиясының аудандық штабының қатысуымен тұрғындармен кездесу жұмыстары жүргізілді. Осы орайда Жамбыл ауылында тұратын, мүгедектігі бар тұрғын Эльмира Сабралиеваның шаңырағына арнайы барып, ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.
Кездесу барысында алдағы құрылтай сайлауына қатысты жалпы мәліметтер беріліп, оның маңызы мен өткізілу тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ, сайлау процесіне қатысу тәртібі мен азаматтардың құқықтары туралы ақпарат ұсынылды.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – тұрғындарды алдағы қоғамдық-саяси шаралар туралы хабардар ету және олардың сауалдарына жауап беру.


